Енді кез келген азамат баспана кезегіне тұра алады. Ол үшін тек соңғы 5 жылда атында үй болмаса болды. Сондай-ақ, жаңа заңға сәйкес тұрғын үйлерді жекешелендiру туралы қағидаларға да өзгерістер енгізілді. Жалпы биыл тұрғын үйге мұқтаж адамдарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 11 тұрғын үй беру жоспарланған. Оның әрқайсысында 944 пәтерден бар. Қазірге дейін төрт үй салынып бітіп, 348 пәтер пайдалануға берілді. Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан қаласында 17058 азамат үй кезегінде тұр.