Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму жоспары туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, экономиканы әртараптандыру керек екенін айтты. Сонымен қатар жаңа әкімге қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, жол-көлік жағдайын жақсарту мен экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар тапсырма берді.