Ұлттық дәстүрді ұлықтайтын «өнерлі өлке» жобасы жалғасуда. Биыл бағдарлама әдеттегіден өзгерек. Бұған дейін әр аймақ 3 күн бойы рухани шаһарда өз әлеуетін көрсетсе, енді екі аудан бір күнде сайысқа түспек. Жоба аясында Созақ ауданы мен Арыс қаласының таланттары өнер көрсетті. Сайыс туралы толығырақ келесі бейне материалда.