Ал Отырар ауданында мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер туған ауылдарына саябақ салып берді. Айта кетерлігі, Қоғам ауылының азаматтары 1 емес 2 саябақтың тұсауын кесті. Сейітқасым Әшіров мектебінен 2005 жылы түлеп ұшқан жандар Қоғам және Мыңшұқыр елдімекендерінен демалыс орынын ашуды жөн көріпті. Жақсы істің басы-қасында жүрген азаматтардың бірі өскен аулымызға пайдамыз тисін дедік дейді.