Жол-көлік оқиғаларын қайтсек азайтамыз? Түркістан облысы әкімдігінде осы мәселе талқыланды. Мәжілісте құзырлы орган өкілдерінің жолдағы қауіпсіздікке қатысты есептері мен ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаевтың айтуынша, ақылы жолдарда 17 наурызда іске қосылған бейнекамералар оң нәтиже берген. Сондықтан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласына цифрлық шешімдер жүйелі түрде енгізілуде.