Түркістан
EN

Жаңаөзен қаласында түлектер мінген көліктер апатқа ұшырады

108
23.05.2025

Биылғы түлектер мектеп бітіру шарасын еш ысырапсыз, даңғазаға жол бермей өткізу керек. Оқу-ағарту министрлігі осылай деп мәлімдеген еді. Алайда, ескертуге құлақ аспай, көлік шеруін ұйымдастырып, апатқа ұшырағандарда бар. Мәселен, Маңғыстауда бүгін бір топ түлек мінген екі автокөлік соғысып қалды. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда түлектер мінген бірнеше автокөлік колоннасына қатты жылдамдықпен ақ түсті пикап келіп соғылғанын көруге болады. Әзірге оқиғадан қанша оқушы зардап шеккені белгісіз. Полицейлер түлектерге үндеу жасайды. өмірде бір рет болатын мектеп бітіру кешін жасаушылар өмірдің де бір рет берілетінін ескерсе екен, дейді тәртіп сақшылары.