Түркістан
EN

ІТ парк салу жобасы пысықталды

115
23.05.2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлармен ІТ парк салу бойынша келіссөз жүргізді. Кездесуде жобаны рухани шаһарда жүзеге асыру жолдары талқыланды. Өңір басшысы инвесторларға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Егер келіссөз жүзеге асса, құрылысы жоспарланып отырған технологиялық парк аймақтың экономикалық және индустриялық дамуы үшін айрықша серпін бермек. Жоба аясында электроника, компьютерлік жабдықтар, электр жабдықтары, оптикалық кабельдер, тұрмыстық техника шығару жоспарланған. Қос тарап келіссөздерді одан әрі нақтылап, зерделеуге уағдаласты.