Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыға жұмыс сапары барысында Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді. Сонымен қатар, өңірдегі тау туризмін одан әрі дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Оған жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар және отандық, халықаралық сарапшылар қатысты. Нәтижесінде, Алматы тау кластерін дамыту мақсатында кешенді жоспар әзірленді. Оған сәйкес, Түргеннен Қаскелеңге дейінгі келешегі зор 3 басым аймақ айқындалды. Онда әлемдік деңгейдегі инфрақұрылым және халыққа қолжетімді 300-ден 700 шақырымға дейінгі тау шаңғысы трассаларын салу көзделген. Жалпы Алматы тау кластері 2029 жылға қарай Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады деп жоспарлануда.