Түркістан
EN

190 жас үлкен өмірге қанат қақты

61
23.05.2025

190 жас түлек мектеп бітірді. Түркістандағы Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп гимназиядан бүгін осынша оқушы түлеп ұшты. Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысты. Онда оқушылар қоштасу вальсін билеп, соңғы қоңырау соқты. Айта кетейік, аталған мектеп түлектерінің қатарында халықаралық, республикалық жарыстарда топ жарып жүрген оқушылар бар. Сондай-ақ, бітірушілердің 14-і - алтын белгіге үміткер.