Сауран ауданында «Жібек жолының жауһары» тақырыбында аймақтық ақындар айтысы өтті. Жыр додасына елімізге танымал айтыскерлермен қатар аты ауызға енді ғана ілініп келе жатқан жас ақындар да қатысты. Сөз шеберлерінің көшін Бекарыс Шойбеков, Еркебұлан Қайназаров, Сырым Әуезхан, Шұғайып Сезімхан секілді мықтылар бастады. Ақындар көне Сауранның тарихы мен бүгінгі жай-күйін жырға қосты. Көрермен қағытпа қалжыңға да куә болды.