Түркістан
EN

Білім басқармасының басшысының қатысуымен өтетін соңғы қоңырау

39
23.05.2025

 «Қош бол енді мектебім» бұл әуен бүгін барлық мектеп қабырғасында шырқалып, соңғы вальс биленуде. Себебі, оқу жылы аяқталып, түлектер алтын ұясымен қимай қоштасып жатыр. Облысымыздағы №34 жайлы мектептің алғашқы 71 түлегі бүгін үлкен өмірге қадам басады. «Білімім - Отаныма» атты мектеп бітіру шарасы бүгін Түркістан облысының 1093 мектебінде өтіп жатыр. Ал 33 мыңнан астам түлек мектепті тәмәмдайды.