Бүгін еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Биыл оқу жылының аяқталу күні жексенбіге түсіп тұр. Сондықтан 11-сынып түлектеріне арналған іс шаралар бүгін ұйымдастырылды. Түркістандағы білім ұяларында да салтанатты жиындар өтіп жатыр. Соның бірі - Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп гимназия. Бүгін бұл білім ордасынан 190 жас түлеп ұшты. Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысты. Онда оқушылар қоштасу вальсін билеп, соңғы қоңырау соқты. Айта кетейік, аталған мектеп түлектерінің қатарында халықаралық, республикалық жарыстарда топ жарып жүрген оқушылар бар. Сондай-ақ, бітірушілердің 14-і "Алтын белгіге" үміткер.