Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Отбасында өмір сүру бақыты» атты тағылымды кеш өтті. Кеш барысында ата-аналар мен балалар үшін қызықты сұрақ-жауаптарға толы ойындар, отбасы бірлігі тақырыбында әндер шырқалды. Шараның мақсаты – балаларды кітап оқуға баулу. Түркістан облысында қазір 20 балалар кітапханасы бар. Жалпы кітап қоры – 723 мыңдай. Қазір кітапханаларда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.