Түркістан
EN

КітапХан» сайысы қорытындыланды

99
22.05.2025

Айына 10 кітап оқитын 7 баланың анасы Мөлдір Сапарова-«KitapХАН» сайысының жеңімпазы атанды. Түркістанда 5 мыңнан астам кітапқұмар қатысқан жоба өз мәресіне жетті. Жарыстың жылдық айналымына 8 мектеп басшысы, 8 ұстаз бен 4 ата-ана жолдама алған болатын. Өңірдің түкпір-түкпірінен жиналғандар 2 күн бойы кітап оқудан жарысып, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. Айта кетейік, шара ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылды.