Түркістан
EN

Мәдениет саласының үздіктері марапатталды

55
22.05.2025

Түркістанда мәдениет саласының үздіктері марапатталды. Салтанатты шара облыстық «Фараб» кітапханасында өтті. Онда өңір басшысы Нұралхан Көшеров аймақтың мәдениет саласының өркендеуіне зор ықпал етіп жүрген жандарға арнайы төсбелгі және алғысхаттар табыс етті. Айта кету керек, аталған шара мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған.