Түркістанда көрерменді күлкіге қарық қылған шоу-матч өтті. Өнер саласының көпшілікке танымал өкілдері жасыл алаңда доп тепті. Түркістан облысында дүниеге келген жұлдыздар бір құрам болса, еліміздің өзге аймақтарынан жиналғандары Қазақстан құрамасының қатарынан табылды. Шоу-матчтың басты ұраны – нашақорлық пен лудоманияға жол бермеу!