Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы, Хазретәлі Тұрсын 65 жасқа толды. Осыған орай белгілі ғалым Ясауи кітапханасына өз шығармашылығынан 65 кітап сыйға тартты. Сондай-ақ, бірқаратар жаңа кітаптарының тұсауы кесіліп, Қазақстан журналистер жазушылар одағына мүшесі атанды.