Биыл диқандар үшін қолайсыз жыл болмақ. Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін деп дабыл қақты. Олардың ішінде Түркістан облысындағы кей аймақтар да бар. Тіршілік нәрінен тарықпас үшін су үнемдеу технологиясын дамыту керек. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды. 2030 жылға қарай өңірде су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу жоспарланып отыр.