Түркістан
EN

Жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөз жүргізілді

47
22.05.2025

 Түркістан облысында жыл басынан бері 196,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп. Ал алдағы үш жылда жүзеге асырылатын 110 инвестициялық жоба пулы құрылды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлармен келіссөз жүргізіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және басқа да салалардағы жобаларды талқылады. Оның ішінде әлемдік деңгейдегі су құбырларын өндіру жобасы да бар. Қос тарап нақты жобаларды пысықтап, бірлесіп жұмыс істеуге келісті.