Түркістан облысында этносаралық келісімді сақтауға бағытталған семинар өтті. Мұндағы басты мақсат — этносаралық татулықты талқылау, өзекті мәселелерді көтеріп, тиімді шешімдер ұсыну. Аталған шараға зиялы қауым өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Олар қоғамдық келісімді нығайту бағытында мазмұнды ойларымен, пайдалы тәжірибесімен бөлісті.