21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Осы орайда әскери қызметтің қатаң талабы мен тәртібін сақтай отырып, шығармашылық әлемді жандарына серік еткен Ұлттық ұлан сарбаздары да аталмыш мерекені ескерусіз қалдырған жоқ. Себебі мұнда тек құқықтық тәртіп сақшылары ғана емес, сонымен қатар өнер арқылы жауынгерлік рухты көтеріп жүрген кәсіби музыканттар, әртістер мен хореографтар қызмет етеді. Ән-би ансамблі 1992 жылы құрылып, күні бүгінге дейін түрлі сахналарда өнер көрсетіп жүр.