Түркістан
EN

Қаржылық мониторинг агенттігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

18
21.05.2025

Мемлекеттік сатып алулар мен елдегі есірткі айналымын анықтауға мүмкіндік беретін агенттіктің IT-өнімдері іске қосылмақ. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында айтылды. Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары бойынша департамент басшылары көлеңкелі экономикамен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, цифрлық талдау құралдарын дамытуға, сондай-ақ азаматтық қоғаммен диалогты кеңейтуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.