Субсидиялау, газ және электр энергиясының тарифтері, инфрақұрылымның жетіспеушілігі, сондай-ақ несие алудағы қиындықтар. Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Нұралы Әбішовтың жеке қабылдауына аймақ кәсіпкерлері осындай мәселемен келді. Кездесу жергілікті бизнестің дамуына серпін беріп, мемлекеттік құрылымдармен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға жол ашпақ.