Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет. Әсіресе тестілеу мен емтихан кезінде, "соңғы қоңырау" және мектеп бітіру кештерінде бақылауды күшейту керек. Өйткені дәл осы кезеңде түрлі келеңсіз жағдайлардың қаупі арта түседі. Үкімет отырысында осылай деген Премьер-министр Олжас Бектенов жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Айта кетейік, биыл Қазақстанда 200 мыңнан астам бала мектеп бітіреді.