60 бала терезеден құлаған

30
20.05.2025 14:20

Жыл басынан бері Қазақстанда 60 бала терезеден құлап кетіп, олардың бесеуі қайтыс болды. Былтыр елде осындай 196 жағдай тіркелген. Осыған байланысты төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады. Мамандардың сөзінше, қайғылы жәйт әсіресе жаз бен көктемде жиілейді. Бүлдіршіндер масадан қорғайтын терезе торына сүйеніп, құлап кетеді. Сондықтан төтеншеліктер балаларды ата-ана қарауынсыз қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ  терезелерге арнайы бекіткіштер орнатып, оған көтеріле алатын жиһазды алып тастауды сұрайды.