Ауа температурасы көтеріліп, өрт қаупі күшейді. Түркістан облысындағы далаларда 8 табиғи апат тіркеліп, 45 гектар жерді тып-типыл еткен. Бұл туралы өңір басшысы Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен еткен жиында айтылды. Облыста қауіптің алдын алу үшін 37 өрт сөндіру бекеті салынбақ. Қазір оның 10-ы пайдалануға берілген. Одан бөлек 14 мың шақырым жерге минералды жолақтар қазылған. Жауаптылар осылайша тілсіз жаудың таралуына жол бермейміз деп сендіріп отыр.