Адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова қаңтарда ұсталғандардың құқығын қорғады. Оның айтуынша, қақтығыс кезінде қамалғандарға қара судың өзін бермей азаптаған. Жалпы орталыққа 80 өтініш түскен, оның 40 шақтысы физикалық күш қолдануға қатысты. 55 адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Оның ішінде 8-кісінің сүйегі сынып, 213 адамның денесі көгерген.