Түркістан
EN

Мектеп асханаларына жаңа талап енгізіледі

30
20.05.2025

Бұдан былай мектеп асханаларындағы тамаққа қосылатын тұз 5 есе, қант 3 жарым есе азаяды. Тамақтың дәмін келтіретін қоспалардың азаюына Маңғыстау облысы оқушыларының астан улануы себеп болып отыр. Бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің де алаңдаушылығын тудырған. Осылайша келер оқу жылынан бастап білім ошақтарында дұрыс тамақтану жүйесі енгізіледі. Қант пен тұздың мөлшері азайған соң семіздік, диабет, жүрек-қан тамырлары секілді ауру түрлерінің алдын-алу мүмкін дейді мамандар.