Жолды сапасыз салған мердігерлер жазаға тартылады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов кемшіліктерді 1 маусымға дейін түзетуді тапсырды. Кейбір аудандар сапа орталығымен келісімшартқа отырмастан, көшелерге асфальт төсеп тастаған. Яғни құрылыс материалдары мен жұмыс сапасы тиісті тексерістен өтпеді деген сөз. Бұл туралы кезекті штаб отырысында ұлттық сапа орталығының өңірдегі жетекшісі Қайрат Шәкіров мәлімдеді. Айта кетейік, Сапа орталығы жыл басынан бері облыстық маңызы бар автомобиль жолдарынан 64 жол құрылыс материалдарын іріктеп алған. Оның 39% талапқа сай келмеген. Ал Республикалық маңызы бар жолдар бойынша 20 нысаннан 78 ақау мен кемшілік анықталған. Оның 27-сі жойылды. Қалған 51 ақау бойынша жұмыс атқарылып жатыр.