Түркістан
EN

Төлеби ауданында спорт кешені ашылды

27
20.05.2025

 Түркістан облысы, Төлеби ауданында спорт кешені ашылды. Құрылысы 2023 жылдың қазан айында басталған нысанға 88 млн теңге инвестиция тартылған. Салтанатты шарада Төлеби ауданында бұқаралық спортты дамытуға, балалардың дене шынықтыруымен айналысуына қолдау көрсеткен бірқатар азаматтарға аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының "Алғыс хаты" табыс етілді. Айта кетейік, бүгінде  ауданда спорт саласын өркендету мақсатында жұмыстар жанданып жатыр. Мәселен, қазірдің өзінде аймақта 371 спорттық нысан жұмыс істейді.