Түркістан қаласының 2040 жылға дейінгі даму жоспары белгілі болды. Құжатта тарихи орындар мен ескерткіштерді сақтауға, қаланың инфрақұрылымын әрі қарай жақсартып, туризм саласын дамытуға басымдық берілген. Бұл туралы өңір басшысы Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен жиында белгілі болды. Кездесуде облыс орталығында салынатын жаңа көпқабатты тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың жобалалары таныстырылды. Оның бірқатары мақұлданып, кейбір жобалаларға толықтырулар енгізілді. Құрылыспен бірге көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары қатар жүргізіледі. Қаланың біркелкі дизайн коды сақталады.