Түркістан облысында «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» жобасы аясында ауылдарды дамытуға 21,8 млрд. теңге бөлінеді. Аталған қаржыға биыл 142 елдімекенде 140 жоба жүзеге асырылмақ. Қаржының басым бөлігі әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөңдеу жұмыстарына, ауыз су мен электр қуатымен қамтуға, көшелерді жөңдеуге жұмсалады. Жоба аясындағы жұмыстар облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды.