1-маусымнан бастап Президенттік жастар кадр резервіне өтінім беру басталады. Республикалық іріктеуды биыл төртінші рет өткізу жоспарланып отыр. Алайда, кандидаттарға бірнеше талап қойылмақ. Мәселен, өтінім берушінің жасы 35-тен аспауы тиіс. Жоғары білімімен қатар қазақ тілін білуі де басты талаптардың бірі болмақ. Оған қоса жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы керек. Жауаптылар іріктеу 6 кезеңнен тұратынын атап өтті.