Түлектердің бітіру кеші қатаң бақыланады. Түркістан облысында соңғы қоңыраудан соң көлік жалдап көңіл көтергендер тәртіп сақшылары мен жауапты сала мамандарының назарында болмақ. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары оқу жылының қортындысын баяндау кезінде айтты. Онда тағы қандай маңызды мәселелер көтерді? Толығырақ әріптесім Балым Әлішер баяндайды.