Түркістан
EN

Түркістан облысында жыл басынан бері 161 өрт оқиғасы тіркелген

62
19.05.2025

Түркістан облысында жыл басынан бері 161 өрт оқиғасы тіркелген. Оқыс жайттан 3 адам қайтыс болып, 1 адам жарақат алған. Бұл туралы облыстық өрт бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Айнабек мәлімдеді. Айтуынша, өрттің басым бөлігі тұрғын үйлерде, автокөлік құралдарында және сауда орындарында болатын көрінеді. Енді мұндай оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында облыстық төтеншеліктер қажетті шараларды жалғастырып жатыр. Атап айтқанда, жыл басынан бері 161 рейд жүргізген. Нәтижесінде, 151 азамат  әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 млн 740 мың теңге айыппұл арқалаған.