Түркістан
EN

Сауд Арабиясында жан сауғалап қашып жүрген күдікті ұсталды

52
19.05.2025

Сауд Арабиясында жан сауғалап қашып жүрген күдікті ұсталды. Ол 2018-2023 жылдар аралығында Алматы қаласында жәбірленушілердің 19 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражаты мен мүлкін иемденген. Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы алматылық коммерциялық компанияның 82 млн теңге сомасына алдын ала төленген тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамаған. Жауапкершіліктен жалтарған азамат Сауд Арабиясынан экстрадицияланды. Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.