Түркістан
EN

Шымкенттегі іргелі оқу орнынан ақша жымқыру схемасы әшкереленді

59
19.05.2025

Шымкенттегі іргелі оқу орнынан ақша жымқыру схемасы әшкереленді. Қаржылық мониторинг агенттігі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады. Күдіктілер қатарында ректордың міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, сондай-ақ серіктес ұйымдардың басшылары бар. Тергеу нәтижесінде университет қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстары мен тауар жеткізуге қатысты жалпы сомасы 256 млн теңгені құрайтын жалған келісімшарттар жасағаны анықталды. Алайда, аталған жұмыстар орындалмай, бөлінген қаражат жемқорлардың қалтасына түскен.