Алматы облысында білім бөлімінің басшысы Каткеева және 7 бухгалтер сотталды. Олар білім мекемелерінде жұмыс істемеген адамдарға 686 млн теңге бюджет қаражатын жалақы ретінде аударған. Сондай-ақ Каткеева қызметін асыра пайдаланып, өзінің жүргізушісін кәсіптік бағдар беруші лауазымына жалған жұмысқа орналастырған. Сол арқылы 4,9 млн теңгені заңсыз иемденген. Іле аудандық соты үкімімен білім бөлімінің басшысы 8 жылға, ал бухгалтерлері 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.