Енді Қазақстандағы мектеп күзетшілері қару ұстай алады. Бірақ суық қару үшін арнайы лицензиясы болуы шарт. Сондай-ақ бұл лауазымға ниеттілерге қойылатын талап та қатаңдай түсті. Күзетші 25 пен 50 жас аралығында болуы керек. Арнайы дайындығы, қарумен жүруге және пайдалануға лицензиясы, сотталмаған туралы құжаты болуы керек. Сондай-ақ мектепте күзетші кеңсесі, жедел әрекет ететін кем дегенде 2 топ болуы керек. Ал, төтенше жағдай бола қалса шұғыл әрекет етуі үшін жылына кемінде екі рет міндетті түрде теориялық және практикалық сабақтар өтеді.