Түркістан облысында мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 271 млн теңге субсидия қолды болған. Облыстық прокуратура қызметкерлері Оранғай және Жаңа Иқан ауылдық округінің ветеринарлары заңға қайшы әрекет жасағанын анықтап отыр. Олар арқылы өңірдегі жалпы саны 31 шаруа қожалық деректер базасына жалған мәліметтер енгізгені белгілі болды. Бүгінде күдіктілер келтірілген 19 миллион теңге көлеміндегі залалды ішінара өтеп, олардың жалпы құны 120 миллион теңге болатын мүлкіне тыйым салынған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сот процесі жүріп жатыр.