Қызылорда облысында мәжбүрлі түрде қонған ұшақтағылар 8 сағаттан соң табылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің кезекші бөліміне «Таң-Құмкөл» бағытындағы АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бортта 3 адам болған. Олармен байланыс орнату мүмкіндігі болмапты. Жедел іздестіруге құтқарушылар жұмылдырылды. Нәтижесінде, 8 сағаттан кейін жоғалғандар айдаладан табылып, Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне жеткізілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.