Шымкентте 18 жасар бойжеткен 5 қабаттан секіріп кетпекші болған. Оның мұндай қадамға баруына отбасындағы кикілжің себеп болған көрінеді. Құрамында 6 құтқарушысы бар жедел-құтқару жасағы оқиға орнына шұғыл жеткен. Дүкен ғимаратының күнқағарына құлаған қызға мамандар алғашқы көмек көрсеткен.