Түркістан
EN

Су үнемдеу үшін 60 мың гектарға жуық күріш алқабы лазермен тегістелді

68
19.05.2025

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қызылордалық диқандармен кездесті. Биыл өңірде 60 мың гектарға жуық егіс алқабы лазермен тегістелді.  Айта кетейік, былтыр 55 мың гектарды лазермен тегістеудің нәтижесінде 200 млн текше метр су үнемделген болатын. Ал орташа өнімділік гектарына 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін ұлғайды. Сондай -ақ, , Үкімет ауыл шаруашылығы кооперативтерінің лазермен тегістегіштерді сатып алу шығындарын 50%-ға дейін субсидиялайды. Қазіргі таңда Қызылорда облысында мұндай 123 техника бар.  Бұл 100 мың гектарға дейін егістік алқапты қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бүгінде өңір диқандарын сумен қамту үшін Шардара су қоймасынан секундына 600 текше метр су жіберіліп жатыр.