Түркістан
EN

Депутаттар аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау мекемелерінің жай-күйімен танысты

106
16.05.2025

Түркістан облысының мәслихат депутаттары  аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау мекемелерінің жай-күйімен танысты. Халық қалаулылары алдымен облыстық жинақтау бекетіне барды. Аталған нысан  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери құрылымдарын жасақтауға өңірдің барлық аудандарынан 18 – 27 жас  аралығындағы жасөспірімдерді мерзімді әскери қызметке толықтырады. Бекеттің жаңа ғимараты санитарлық және өрт қауіпсіздік нормаларға сәйкес жабдықталған. Сондай ақ, бір күнде 100 әскерге шақырылған азаматтарды қабылдауға қауқарлы. Мекеменің тыныс-тіршігімен толық танысқан депутаттар,  қызмет сапасын одан әрі  арттыру мақсатында жұмыстың одан әрі жанданатынын жеткізді.