Түркістан
EN

Түркістан облысында биыл 34 мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді

103
16.05.2025

Жаз шыға балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Ал демалыс орындары санитарлық талаптарды қатаң сақтауы қажет. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға осындай тапсырма жүктеді. Өңір басшысы су айдындарында, ормандар мен спорт нысандарында сақтық шаралары қатаң бақылауда болуы керек дейді. Биыл 1 ші сынып пен 10-шы сыныпты тәмәмдайтын 439 мыңнан астам оқушының 93,5 пайызы жазғы сауықтыру шараларымен қамтылады деп жоспарланып отыр. Оларға облыс аумағында орналасқан 31 сауықтыру лагерлері өз есігін айқара ашады.