Арқалықта жаңа мектеп бой көтерді. Бұл - тәуелсіздік алғалы бері ашылған алғашқы білім ордасы. 300 орынға арналған «Жайлы мектеп» былтыр жыл соңында пайдалануға берілген. Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары аясында жаңа нысанның жұмыс барысымен танысты. Мектепте робототехника кабинеттері, цифрлық зертханалар мен практикалық сабақтарға арналған шеберханалар бар.