Түркістан
EN

Су айдындарына рейд жүргізілді

101
15.05.2025

Түркістан облысында жыл басынан бері 28 адам суға кетіп қайтыс болған. Оның ішінде 12 жасөспірім бала. Судағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында жергілікті төтенше жағдайлар қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Мамандар каналдар мен арықтарды, су айдындарында арнайы рейд ұйымдастырды.