Шерзатты бір топ адамның ұрып-соққан видеосы көрсетілді

10
15.05.2025 20:20

Шерзат Болаттың ісі бойынша сотта даудың басы басталған Қамажай дүкеніндегі видеолар көрсетілді. Онда сотталушылардың іс әрекеті таспаға түсіп қалған. Бейнеге сүйенсек, жантүршігерлік оқиға түнгі сағат он екіден 33 минут өткенде басталған. Онда сотталушы Шыңғыс Белғожаев, Абзал Шынасыл және Нұрқияс Ілиясов пен Равиль Сакиевтің Нұрғанат Ғайыпбаевқа жабылып соққы жасағаны анық байқалады. Абзал Шынасыл мен Равиль Сакиев сол уақытта Ғайыпбаевқа пышақ жарақатын келтірген. Алайда сотталушылардың адвокаттары оны жоққа шығарып, нақты дәлелсіз әрекеттерге баға бермеуін сұрады. Қазір сот сараптама жұмыстары жалғасып жатыр.