Түркістан қаласының дизайн коды таныстырылды

14
15.05.2025 20:19

Түркістан қаласының дизайн коды ресми түрде таныстырылды. Ол 8 тарау мен 118 тармақшадан тұратын талаптар кешенін қамтиды. Жауаптылардың сөзінше, рухани шаһардың мәдени мұрасын сақтай отырып, заманауи әрі ыңғайлы қала кеңістігін қалыптастыру жұмыстары жалғасады. Сәулет-көркемдік шешімдер бірыңғай стильге келтіріліп, тұрғындар мен туристер үшін қолайлы орта жасауға басымдық беріледі. Жаңа қала жоспарына сәйкес, жаяу жүргіншілер, велосипедшілер және қоғамдық көлік пайдаланушылары басты назар аударылады. Көше желісі де осы талаптарға сай дамытуда жоспарлануда.