Діни экстремизим мен терроризмнің алдын алу бағытында семинар – тренинг өтті. Негізгі мақсат дін саласы қызметкерлері мен дінтанушы, теолог мамандардың біліктілігін жетілдіру. Сондай ақ, осы салада қызмет атқаратын мамандарға бағыт-бағдар беру, жастарды түрлі жат діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру. «Рухани құндылық – ұлт қуаты» деп аталған жиында дін саласында қызмет етіп жүрген жандар басқосты. Семинар-тренингті еліміздің барлық аймағында өткізу жоспарда бар. Басқосу барысында, сала мамандары теріс ағымға түскен адамдардың белгілері мен маркерлеріне тоқталады.